Қоғам
1 мин оқу 500
Тобылда екі жасар бала ашық кәріз құдығына құлап кетті
<p style="text-align: justify;">Қайғылы оқиға Қостанай облысының Тобыл қаласында болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«Тобыл қаласында кәріз құдығына құлап кеткен екі жасар баланың өлімі фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 254-бабы «Мiндеттерiне адал қарамау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», делінген хабарламада.
Тергеу аясында тиісті сараптамалар тағайындалды.
Бөлісу: