Оралда бес қабатты үйден өрт шықты
<p style="text-align: justify;">Орал қаласында бес қабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Оқиға бүгін, 11 маусымда Зачаган кенті Теміртау көшесі 19 мекенжайында болған.
«Сағат 11:32-де екінші қабаттың балконы жанып, жалын жатынжай бөлмесіне ауысып, жеке заттар, жиһаз отқа оранды. Өрттің аумағы 20 шаршы метрді қамтыды. Пәтердің иесі – 88 жастағы кейуана. Жоғары және төменгі қабаттардан 18 адам өздері үйден шыққан, олардың үшеуі – бала. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 18 адам мен 5 техника жұмылдырылды. Жалын сағат 11:51-де оқшауланып, 12:13-те ауыздықталды», деп хабарлады ведомство өкілдері.

