Қоғам
1 мин оқу 264

Қызылордада төрт жеңіл автокөлік соқтығысты

<p style="text-align: justify;">Қызылордада төрт жеңіл автокөлік соқтығысып, біреуінің алдыңғы бөлігі жанып кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Қызылордада төрт жеңіл автокөлік соқтығысты

10 маусымда сағат 22:25-те 101 пультіне Абай көшесінің бойында автокөлік өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Оқиға орнына №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 2 техникасы мен 7 қызметкері шықты. Олар 22:29-да оқиға орнына жетті. Көше бойында 4 автокөліктің соқтығысуы салдарынан «Toyota Estima» автокөлігінің алдыңғы қозғалтқыш бөлігі жанып кеткені анықталды. Автокөлікке газ орнатылғаны белгілі болды. Өрт 22:45-те толығымен сөндірілді. Адамдар аман», деп  хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Бөлісу:
Қызылордада төрт жеңіл автокөлік соқтығысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар