Қоғам
1 мин оқу 231

Қапшағайда суға бата жаздаған үш адам құтқарылды

<p style="text-align: justify;">Қапшағай су қоймасында үш жігіт құтқарылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне &nbsp;сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Қапшағайда суға бата жаздаған үш адам құтқарылды

«9 маусым күні сағат 14:40-та облыстық ТЖД кезекші бөліміне Қапшағай су қоймасының қалалық жағажайында үш жігіттің суға батып бара жатқаны туралы хабарлама келген. Оқиға орнына құтқарушылар жіберілді», делінген хабарламада.

Анықталғандай, катамаранға мінген үш жігіт көл бетінде аударылып, өз бетінше жағаға орала алмаған. Оқиға орнына жеткен 4 құтқарушы жастарды жағаға жеткізген.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Қонаев қаласының жедел-құтқару күшімен 2001 жылы туған екі жігіт және 2002 жылы туған ер бала жағадан бес жүз метр қашықтықтан құтқарылды.

Бөлісу:
Қапшағайда суға бата жаздаған үш адам құтқарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар