Аймақтар
1 мин оқу 410

Өрт аймағында қашан жаңбыр жауады?

<p style="text-align: justify;">Абай облысындағы ірі орман өрті төрт күннен бері сөндіріліп жатыр. Өңірде сақталып отырған жоғары ауа температурасы мен жел жалынның басқа аймақтарға таралуына себеп болып отыр. Осы орайда &laquo;Қазгидромет&raquo; РМК синоптиктері жауын-шашынға қатысты болжамдарын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Синоптиктер жасаған болжамға сәйкес, 13 маусымда Абай облысының солтүстік-батысында қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Алайда найзағай да күтіледі.
«Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғып, батыста, облыс орталығында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +10+15°С, облыстың оңтүстігінде +18°С, күндіз +27+32°С», делінген хабарламада.

Мамандар Семейде қандай ауа райы болатынын да айтты.

«Семейде күн құбылмалы болады, бірақ жауын-шашын жаумайды. Солтүстіктен солтүстік-шығыстан екпіні 7-12, күндіз 15-20 м/с жел соғады. Күндіз ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +30+32°С болады», дейді синоптиктер.
Бөлісу:
Өрт аймағында қашан жаңбыр жауады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар