Шахмат
1 мин оқу 290
Өзбек өрені үздік шықты
<p style="text-align: justify;">Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында ұйымдастырылған шахматтан Азия чем­пионаты аяқталды. Сары құрлықтың шахмат королі атағы өзбек гроссмейстері Шамсиддин Вохидовқа (ФИДЕ рейтингі 2583) бұйырды.</p>

Тоғыз кезеңге жалғасқан бәсекеде өзбекстандық шахматшы 7 ұпай жинап, бас жүлдеге ие болды. Күміс медаль 6,5 ұпай жинаған Иран гроссмейстері Бардия Данешварға (ФИДЕ рейтингі 2555), қола жүлде 9 турда 6,5 ұпайға қол жеткізген отандасымыз Әлішер Сүлейменовке (ФИДЕ рейтингі 2463) бұйырды.
Шахматтан биылғы Азия чемпионаты 3-11 маусым күндері өткізілді. Оған Азияның 18 елінен ең мықты деген шахматшылар қатысып, жарыс көрігін қыздырды. Біріншіліктің жалпы жүлде қоры – 100 000 АҚШ доллар.
Бөлісу: