Аймақтар
1 мин оқу 260

Абай облысында хабар-ошарсыз кеткен орманшының тракторы табылды

<p style="text-align: justify;">Абай облысындағы өрт аймағында хабар-ошарсыз кеткен 15-ші орманшы Сергей Архиповтың тракторы табылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы ҚазТАГ ақпарат таратты.

«Дмитриевка ауылынан 5 шақырым қашықтықтан Сергей Архиповтың тракторы табылды. Тасжолдан 1 шақырым жерде тұрған екен. Тракторшының өзі жоқ. Енді құтқарушылар сол елді мекенде іздеу жұмыстарын бастайды»,  делінген хабарламада.

Бұған дейін Абай облысындағы өртті сөндіруге шыққан тракторшы Сергей Архиповтың хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарлаған едік.

Бөлісу: