Елорда
1 мин оқу 330

Астанада тағы екі көше жөндеуге жабылды

<p style="text-align: justify;">Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Айғаным көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмысын бастайды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Жөндеу жүргізуге байланысты осы жылдың 13-15 маусым күндері аралығында Қ.Мұхамедханов көшесінен Қыз Жібек көшесіне дейінгі Айғаным көшесінің учаскесінде көлік қозғалысы толығымен шектеледі.

Сондай-ақ Тоқтаров көшесіндегі Сусамыр көшесінен Қ.Кеменгерлұлы көшесіне дейінгі жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіледі.

Осыған байланысты 14-24 маусым күндері жоғарыда аталған учаскелерде көлік қозғалысы шектеледі.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептеліс жағдайларын тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет», делінген әкімдік хабарламасында.

Бөлісу:
Астанада тағы екі көше жөндеуге жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар