Елорда
1 мин оқу 340

Астанада газ жылу станцияларының құрылысы қашан аяқталады?

<p style="text-align: justify;">Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек қалада газ жылу станцияларының құрылысы қашан қолданысқа енгізілетінін айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Өткен жылы бас қаланы қосымша көлемде жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін екі газ жылу станциясының құрылысы басталғаны хабарланған еді.

«Елорданы аралау барысында «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станцияларының құрылысымен таныстым. Олардың қуаты құрылысы ұзаққа созылған ЖЭО-3-тен асып түседі», деп жазды қала әкімі Instagram парақшасында.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, газ жылу станцияларын ағымдағы жылыту маусымында кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланып отыр.

«Сонымен қатар мердігерге ЖЭО-3 құрылысын биыл аяқтау міндеті жүктелді. Осы шаралардың бәрі жылумен жабдықтау көлемін едәуір ұлғайтуға, сол сияқты болашақта құрылыс жұмысы жүретін аудандарды жылумен қамтуға мүмкіндік береді», деп қорытындылады Астана әкімі.

Бөлісу: