Балалар
1 мин оқу 340

Балғын өнерпаздар жүлдесі

<p style="text-align: justify;">Ауылда тұратын жас ұрпақтың өнерге бет бұрғаны қуантады. Жақында Атыраудың өнерпаз оқушылары Ташкент қаласында өткен халықаралық &laquo;Zhuldyz art Kazakhstan&raquo; байқауынан бас жүл&shy;демен оралды. Бұл байқауға 800-ден астам оқушы қатысып, өнер көр&shy;сеткен.</p>

Балғын өнерпаздар жүлдесі

Мәселен, Махамбет ауданын­дағы Алға ауылында мектеп оқу­шыларынан құралған «Әлқисса» ансамблі бар. Бұл ансамбльдің жас домбырашылары «Балдырған» және «Ақжелең» топтарына бөлін­ген. Жақында екі топтың балғын өнер­паздары аталған байқаудың бас жүлдесін иеленді. Ал жеке орын­дауда Аруна Нысанбай Д.Нұр­пейісованың «Науысқы», Ал­мат Өтеу Ә.Желдібаевтың «Ер­ке сыл­қым», Орынбай Түгел А.Еңсе­пов­тің «Шашу», Мадияр Жанғабыл Ма­хамбеттің «Жұмыр қылыш» күйін орындап, бірінші орынды иеленді.

– «Әлқисса» балалардың халық­аралық байқауында алғаш рет өнер көрсетті. Бұрын елімізде өткен түр­лі конкурстан бірнеше рет жүл­де алған еді, – дейді үйірме жетек­шісі Алмагүл Ермекова.

Оның айтуынша, «Әлқисса» домбырашылар үйірмесі үш жыл бұрын ашылған. Қазір үйірмеге 8-15 жас аралығындағы 65 бала қаты­сып жүр.

Дәл осы байқауға Мақат ауда­нындағы Р.Ғабдиев атын­дағы өнер мектебінің «Гауһар­тас» және «Айханша» би топтары да қа­тысып, бас жүлдеге ие бол­ды. Би топ­тарының жетекшісі Нұр­гүл Еркінқызының айтуынша, кіш­кентай бишілер «Молдавия қыздары» және «Балдәурен» биін орындаған.

Атырау облысы

Бөлісу:
Балғын өнерпаздар жүлдесі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар