Аймақтар
1 мин оқу 320

Алматыда курьерден қару-жарақ тәркіленді

<p style="text-align: justify;">Алматыда полиция қызметкерлері 44 жастағы курьерден тапанша мен 17 оқ тәркіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://polisia.kz/ru/pistolet-i-patrony-iz-yali-u-kur-era-v-almaty/">Polisia.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>

Полиция Талғар тасжолының бойындағы экологиялық бекетте мопед мінген екі ер адамды ұстады. 44 жастағы ер адамның курьерлік сөмкесінен әртүрлі калибрлі 17 патрон және «Grand Power тапаншасы табылды. Алдын ала тексеру барысында аталған қарудың газды тапанша екендігі және травматикалық оқпен атылатындығы анықталып, кейінірек қарудың ұрланғандығы да белгілі болды.

Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-бөлігіндегі «Заңсыз қару сақтау» бойынша тіркелді. Белгілі болғандай, сотталушылардың бірі бұрын қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотты болған. Аталған іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Алматыда курьерден қару-жарақ тәркіленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар