Аймақтар
1 мин оқу 305

Абай облысындағы өртке қатысты жаңа деректер айтылды

<p style="text-align: justify;">Жедел штабтың мәліметінше, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.&nbsp;Қазіргі уақытта Абай облысындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне <a href="https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/573094?lang=kk">сілтеме</a> жасап.</p>

Өртті сөндіруге ТЖМ, Экология және табиғи ресурстар министрлігінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1 800-ге жуық адам, 350-ден астам бірлік техника жұмылдырылған.

Сонымен қатар тікұшақтар өрт аумағына аэровизуалды тексерулер жүргізіп, өрт ошақтарына су ағызуды жалғастырып жатыр.

«Өткен тәулікте барлығы 535 рет көлемі 1 600-ге жуық тоннадан астам су ағызылды. Өрт басталғалы бері барлығы 1450 рет көлемі 4 000 тоннадан астам су төгілді. Осы уақытқа дейін жедел желі телефонына 179 қоңырау келіп түсті», делінген ведомство хабарламасында.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, бүгін 14 маусымда Абай облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сонымен қатар солтүстік, солтүстік-шығыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +8+130С, күндіз +20+250С болады.

Бөлісу:
Абай облысындағы өртке қатысты жаңа деректер айтылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар