Экономика
2 мин оқу 8,322

«Қазақстанда жасалған» брен­ді бәсекеге қабілетті ме?

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда шығарылатын өнімдердің халықаралық нарықтағы танымалдылығы төмен. Мұнда маңдайы жарқыраған мұнайдан өзге, күллі әлемде көш бастаған уран өндірісін мысалға келтіруге болады. Осы тұста ет және&nbsp;ұн қосылған сапалы тағамдарға,&nbsp;кондитерлік өнімдерге сұраныс жоғары екендігін ескерген жөн.</p>

«Қазақстанда жасалған» брен­ді бәсекеге қабілетті ме?

Халықаралық нарықта «Қазақстанда жасалған» брен­ді бәсекеге қабі­лет­ті ме? Осы сұрақтың жауабын «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Гүлмира Бағытқызы іздеп көрді.

Осы орайда автордың «Қазақстанда жасалған» өнім қашанғы қағажу көреді? материалына көз жүгіртіп өтсек.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, бүгінде бар-жоғы 400-ден астам отандық компания өз өнімдерін шетелге экспорттайды екен. Осы­ған қарап, жаһандық сауда сөре­сінде шикізаттық емес тауарлар экспортының үлесі әлі де төменгі деңгейде екендігін байқауға болады. Тіпті алысқа бармай-ақ сырт­қы нарық тұрмақ, өзіміздің ірілі-ұсақты сауда орындарын­да­ да шеттен жеткізілетін тауарлар­дың­ тасасында қалып қоятын отан­д­ық өнімнің жағдайы да мәз емес. 

Бұл ретте мақала авторы Қазақ­стан ет шаруашылығы одағы­ның төрағасы Мақсұт Бақты­баевтың пікірін сұрады.

«Бөлшек сауда саласындағы рет­­теулер мен нақтылық, заң жү­зінде белгіленген басым­дық­­тардың болмауынан, отан­дық тауар өндірушілердің на­рық­тағы орны елеусіз қа­лып келеді. Еліміздің сау­да­ сөрелерінде өзімізде өнді­ріл­ген өнімдер жоқтың қасы. Қа­зір әзірленіп жатқан «Қазақ­стан­да жасалған» жалпыұлттық бағ­дар­ламасында отандық өндірісті қол­дау мен дамыту мәселелері толығымен қамтылуы керек. Жалпы, біздің тауар өндірушілеріміз бұл бағдарламаны өзекті деп санағанымен, осыдан 10-15 жыл бұрын ерте жүзеге асырылғанда ісіміз өрге басып, халықаралық сауда нарығында да есебіміз түгел болар еді», деп ойын жеткізді Мақсұт Бақты­баев.

Гүлмира Бағытқызының жазуынша, сауда желілерінде импорт басым болғандықтан, тұтыну­шылардың отандық өнімге деген сенімі әлі де қалып­та­сар емес. Осы орайда отандық өндіру­шілер үшін «Қазақстанда жасал­ған» мемлекеттік бағдар­ла­масы аясында қолға алынған шара­лар, өзіміздің өнімдерге оң сеп­тігін тигізіп, өз кезегінде сапа­лы әрі қымбат емес азық-түлік­ті көбірек өндіруге мүмкін­дік­ туғызса, сонымен қатар им­порт­­тық өнімдерді емес, елдегі өн­­­ді­ру­шілердің мүддесіне сай қол­дау көрсетілсе жөн болар еді.

Қазіргі таңда кез келген отан­­­дық өндіруші белгілі бір өнім өндірсе де, сайып келгенде оның басты мәселесі - сол тауарды тиімді өткізу. Ауыл шаруа­шылығындағы тауар­ өндіру­шілердің көбісі өнімде­рін сатумен кәсіби түрде айналыса алмайды. Оған себеп те көп. Ал бөлшек сау­да желілеріне жүгінсе, олар шетелдік жеткізушілер жүк­те­ген ең қатал бәсекеге тап бо­лады. 

Қазірдің өзінде отандық азық-түлік өнімдеріне арналған сауда сөрелерін 50%-ға арттыру және өнер­кәсіптік тауарларға 10%-ын­­ бөлу туралы ұсыныстар талқы­ла­н­ып жатыр. Сала мамандары өзімізде өн­дірілетін өнімнің бірнеше санаты бойынша бөлшек сауда сөре­лерінің 70%-н­­а дейін бөлу керектігін ескереді.

Бөлісу:
«Қазақстанда жасалған» брен­ді бәсекеге қабілетті ме? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар