Қоғам
2 мин оқу 380

Мемлекет қаза тапқан орманшылардың отбасына қандай көмек көрсетті?

<p style="text-align: justify;">Облыс әкімдігі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Успен орман шаруашылығындағы ірі өртті сөндіру кезінде &laquo;Семей орманы&raquo; мемлекеттік орман табиғи резерваты&raquo; РММ-нің қаза тапқан 14 қызметкерінің, сондай-ақ өртті сөндіруге қатысқан тракторшы Сергей Архиповтың отбасы мүшелерінің тізімін жасады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Мемлекет қаза тапқан орманшылардың отбасына қандай көмек көрсетті?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген тапсырмаларға сәйкес оларға келесі әлеуметтік қолдау түрлері көрсетіліп жатыр:

  • Семей қаласында жиһазбен жабдықталған екі немесе үш бөлмелі (отбасы мүшелерінің санына қарай) пәтерлер берілді;
  • қаза тапқандар мен олардың отбасы мүшелерінің несие қарыздары өтеледі. Өтелетін қарыздардың жалпы мөлшері 36,2 млн теңгені құрайды (15 маусымдағы жағдай бойынша);
  • «Қазақстан халқына» қорынан әр отбасыға 7 млн теңгеден және кәмелеттік жасқа толмаған әр балаға 2 млн теңгеден материалдық көмек. Төлемдердің жалпы сомасы – 127 млн теңге (15 маусымдағы жағдай бойынша);
  • асыраушысынан айырылған отбасы мүшелеріне мемлекеттік бюджеттен ай сайынғы жәрдемақы; Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға, ЖОО-да күндізгі оқу бөлімінде оқыса, оқуды аяқтағанға дейін, бірақ 23 жастан аспайтын балаларға ай сайынғы әлеуметтік төлем; БЖЗҚ-дан жерлеу рәсімдері үшін біржолғы жәрдемақы;
  • жалпы білім беру қорынан мектеп жасындағы балаларға 500 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек, сондай-ақ керек-жарақтар (аяқ киім, форма) мен жазғы лагерьге жолдама;
  • жұмыс берушінің қаражаты есебінен ай сайынғы төлемдер (жалақы мөлшеріне байланысты); ұжымдық шартқа сәйкес жұмыс берушінің есебінен біржолғы көмек.

Сонымен қатар «Қазақстан Халық банкі» АҚ әр отбасына 3 млн теңге көлемінде материалдық жәрдем береді, сондай-ақ басқа да коммерциялық ұйымдар көмек көрсетеді.

Оған қоса әкімдік «Ақ Ертіс» ҚҚ-мен бірлесіп, қаза тапқандардың отбасы мен зардап шеккендерге одан әрі көмек көрсету мақсатында қайырымдылық пен демеушілер қаражатын жинақтау үшін арнайы шот ашты.

Бөлісу:
Мемлекет қаза тапқан орманшылардың отбасына қандай көмек көрсетті? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар