Аймақтар
1 мин оқу 240

Сөзжұмбақшының сыры

<p style="text-align: justify;">Зайсан ауданының Айнабұлақ ауылындағы кітапханада Қазақстан Гиннес рекордтар кітабына енген сөзжұмбақ шебері, қазыналы қария Қалибек Алтыбаевтың мерейтойына арналған &laquo;Зайсаннан шыққан талант иесі&raquo; атты дөңгелек үстел өтті.</p>

Сөзжұмбақшының сыры

Халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген Қалибек Қизат­ұлы­ның шығармашылығы мен өмір жолын өскелең ұрпаққа өнеге ету мақ­сатында ұйым­дасты­рылған бұл іс-шарада кітап көрмесі ұйымдас­тырылып, А.С.Пуш­­кин атындағы Шы­ғыс Қазақ­­­стан облыс­тық кітап­хана­сының Қали­­бек Қизат­ұлымен жүргіз­ген сырлы сұх­баты оқырман назарына ұсыныл­ды. Сұхбатта Қа­либек ақсақал өз өмі­рінен сыр шер­те келе, сөзжұмбақ құрас­ты­руға қалай бет бұрғанын айтты.

– Сөзжұмбақ – қазақ қоғамына етене енбеген жанр. Жалпы, сөзжұмбақ жер бетінде осыдан 150 жыл бұрын пайда болған екен. Ең алғашқы сөз­жұмбақ АҚШ-та 1875 жылы жарық көрген. Ал бізде өткен ғасырдың 50-жылдары «Қазақстан әйел­­дері» журналына шыға бастады. Со­дан бастап-ақ менде қызығушылық пайда болды. Шешіп көремін, келесі санында жауаптарын салыстырамын. Сөйтіп жүріп өзім құрастыратын болдым. Оны қазақтың тұңғыш сөзжұмбақ құрастырушысы Талаптан Иманбаевқа жіберіп жүрдім. Қоржыным толды-ау дегенде, 1961 жылы қаңтарда тұңғыш сөзжұмбақтар жинағымды шығардым, – дейді Қ.Қизатұлы.

Іс-шара соңында оқырмандар ав­тордың сөзжұмбақтарын қызығу­шы­лықпен шешіп, бағалы сый-сияпат­қа ие болды.

Шығыс Қазақстан облысы,

Зайсан ауданы

Бөлісу: