Спорт
1 мин оқу 213

Жолдама жолындағы жарыс

<p style="text-align: justify;">Бұл күндері Малайзияның Нилай қала&shy;сында велотректен 2024 жылғы Париж Олимпиадасына жолдама бере&shy;тін ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр.</p>

Жолдама жолындағы жарыс

Спортты дамыту дирекциясының мәлі­меті бойынша, жарыстың алғашқы кү­нінде ұйымдастырылған командалық сайыс­та Қазақстан ерлер құрамасы үздіктер қатарынан көрініп, Азия біріншілігінің қола жүлдесіне ие болды. Ал сары құр­лық додасының бас жүлдесі Жапония құ­ра­масына бұйырса, күміс медаль Қытай құ­рама­сының еншісінде кетті.

Күншығыс елінің өкілдері 2018 жылғы Азия чемпионатында да командалық сайыс­та топ жарған болатын. Біздің құрамадан жарыс жолына Əлішер Жұмахан, Артём Захаров, Дмитрий Носков және Рамис Дін­мұхамедов шықты. Олар 4 шақырым жолды 4:00.4 секунд ішінде жүріп өткен.

Биылғы Азия біріншілігіне сары құр­лықта орналасқан 30 елдің ең үздік велоспортшылары қатысып жатыр. Олардың қатарында 14 отандасымыз да бар. 2018 жылы дәл осы Нилайдағы ұлттық велодромда өткен құрлық чемпионатында Азияның 22 мем­лекетінің өкілдері жүлделерді сарап­қа салған болатын.

Бөлісу:
Жолдама жолындағы жарыс · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар