Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 271

Головкин титулсыз қалды

<p style="text-align: justify;">Кәсіпқой бокстағы еліміздің даңқты боксшысы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) бүкіл алтын белбеуінен айырылды. Осыған дейін IBO чемпиондық белдігін иеленіп отырған отандасымыз бұл титулдан да бас тартты. Бұл туралы Халықаралық бокс ұйымы (IBO) мәлімдеді.</p>

Головкин титулсыз қалды

Ұйым президенті Эд Левин БАҚ өкіл­деріне берген сұхбатында: «Үлкен мақта­нышпен және өкінішпен орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің ресми түрде IBO чемпиондық атағынан бас тартқанын хабарлауға мәжбүрміз. Қазір орта салмақтағы бұл атақ бос тұр», деді.

Геннадий Головкин – Халықаралық бокс ұйымының (IBO) тарихында IBO чемпион­дық титулын ұзақ уақыт қорғап, 12 жыл бойы өзінде сақтаған санаулы бокс­шының бірі. Ол бұл атақты ең алғаш 2011 жылдың 9 желтоқсанында жеңіп алған болатын. Отандасымыз сол жылы амери­калық Лахуан Саймонды бірінші раундта нокаутпен тізе бүктірген еді.

Бұл – 41 жастағы отандасымыздың осы күнге дейін қорғап келген ең соңғы чем­пион­дық белбеуі болатын. Мұның алдында жерлесіміз WBA Super және IBF титулдарынан да бас тартқан еді.

Бөлісу:
Головкин титулсыз қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар