Тағайындау
2 мин оқу 812

ШҚО-ға жаңа әкім тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

ШҚО-ға жаңа әкім тағайындалды

Ермек Көшербаев 1965 жылы Алматы қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.

Еңбек жолы:

1988 жылы C.Киров атындағы Қазақ Ұлттық университетін шет тілінде оқытатын тарихшы мамандығы бойынша тәмәмдады. 1993 жылы КСРО Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады.

1988-1991 жж. - ҚазССР Сыртқы істер министрлігінің құпия іс қағаздарын жүргізу бойынша аға инспекторы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы, Сыртқы істер министрінің көмекшісі.

1993-1994 жж. – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасының бірінші хатшысы, бөлім меңгерушісі. 1994-1996 жж. - Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің консультанты, Президент Аппараты Протокол қызметі басшысының міндетін атқарушы.

1996-1997 жж. – Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министірлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің Азиялық қауіпсіздік бөлімнің басшысы.

1997-1999 жж. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің көмекшісі. 2000 жылдың қаңтар-қараша айларында «Нұрсұлтан Назарбаев білім фонды» директорының бірінші орынбасары. 2000-2001 жж. - баспасөз қызметінің басшысы, «ҚазТрансОйл ҰК» ЖАҚ-ның президент аппаратының басшысы.

2006-2007 жж. - «Отан Республикалық саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің орталық аппарат басшысы.

2008-2009 жж. - «Рауан Медиа Групп» АҚ-ның бас директоры.

2009-2010 жж. - «Ертіс қоғамдық-кәсіптік корпорация» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы.

2010-2014 жж. - ШҚО әкімінің бірінші орынбасары.

2014-2016 жж. – Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі.

2016-2018 жж. - Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы.

2018-2019 жж. - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы.

2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болды.

2020 жылдың қаңтарынан ҚР Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып еңбек етті.

Бөлісу:
ШҚО-ға жаңа әкім тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар