Аймақтар
1 мин оқу 245

Атырау облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды

<p style="text-align: justify;">17 маусым күні республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 10 шақырымында Lada Priora және Toyota Camry автокөліктері соқтығысты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://t.me/POLICE_of_KZ/9087">Polisia.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>

Соққы салдарынан Lada Priora автокөлігі өртеніп кетті, 1992 жылғы көлік жүргізушісі мен 2001 жылғы жолаушысы, сондай-ақ Toyota Camry автокөлігінің 1972 жылғы жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, 1971 жылғы Toyota Camry  жүргізушісі алған дене жарақаттары салдарынан ауруханада қайтыс болған.

Toyota Camry көлігінің 2 жолаушысы түрлі дене жарақатымен Мақат аудандық ауруханаға жеткізілді.

Бөлісу: