Қоғам
1 мин оқу 440

Бүгін - Әкелер күні

<p style="text-align: justify;">Бүгін елімізде алғаш рет Әкелер күні мерекесі атап өтіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Наурыз айында Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында аталған мерекені бекіту ұсынылған еді.

Бастама негізінде Әкелер күнін маусымның үшінші жексенбісіне белгілеу жоспарланды.

Екі айдан кейін Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті Үкімет қаулысына қол қойып, мереке ресми түрде бектілді.

Мерекелік күндердің тізбесіне «Әкелер күні» мерекесін енгізу Қазақстандағы отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, отбасы институтын нығайтуға, сондай-ақ әкелер институтын дамытуға ықпал етеді. Мұндай мереке көптеген әлем елдерінде бар.

Сондай-ақ мамырдың екінші жексенбісінде Аналар күні атап өтіледі.

Бөлісу:
Бүгін - Әкелер күні · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар