Ұлттық спорт
1 мин оқу 220
Ел чемпионаты өтіп жатыр
<p style="text-align: justify;">Көкшетауда ұлттық спорт түрлері – жамбы ату мен теңге ілуден жас­өспі­рімдер, жастар, ересектер арасындағы ел чемпионатының жалауы желбіреді.</p>

Жарыс қарсаңында Қазақстан жамбы ату федерациясының кезектен тыс конференциясы өтті. Осы жиын барысында еліміздегі жамбы ату саласындағы мамандар мен спортшыларға 2023-2027 жылдарға арналған даму бағдарламасы таныстырылып, 2024 жылы өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына дайындық мәселесі пысықталды.
Федерация президенті Еркебұлан Ілиясов бапкерлер мен спортшыларды ынталандыру мақсатында аталған додада үздік өнер көрсеткен спортшыларға пәтер және бапкеріне қаржылай сыйлық берілетінін де айтты.
Бөлісу: