Тағайындау
1 мин оқу 270

Алматының энергетика және сумен жабдықтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Алматы қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы қызметіне Талғат Малыбаев тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Талғат Малыбаев 1987 жылдың 20 желтоқсанында Қарағанды облысында туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «көлік» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы Қарағандыдағы «Агро-Консалтинг-К» АҚ Стратегия және бюджеттік жоспарлау департаментінің маманы ретінде бастады.

Әр жылдары құрылыс компанияларында жұмыс істеді, сондай-ақ Алматы қаласының «Алматы жылу желілері» ЖШС-де, Алматы облысының «Жетісу» ӘКК ҰК АҚ-да басшылық қызметтер атқарды.     

Тағайындалғанға дейін «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ ТКШ қызметтерінің сапасын арттырудың базалық бағытын іске асыру тобының басшысы болып жұмыс істеді.

Бөлісу:
Алматының энергетика және сумен жабдықтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар