Меморандумға қол қойылды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазақ газеттері&raquo; ЖШС мен Maqsut Narik&shy;baye&shy;v&shy; University білім бағытында және ақпа&shy;ра&shy;&shy;т&shy;&shy;&shy;тық салада бірлескен жобаларды іске асы&shy;р&shy;мақ. Екі құрылымның басшылары тиісті ынты&shy;мақтастық және өзара іс-қимыл туралы мемо&shy;рандумға қол қойды.</p>

Меморандумға  қол қойылды

Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы мемо­рандумға «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры­ Дихан Қамзабекұлы және Maqsut Narikbayev Univer­sity­ басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев қол қойды.

Атап айтқанда, журналистика үшін жаңа кадрлар даяр­лау, бірлескен тағылымдамалар мен практика жүр­гізу, тәжірибе алмасу, тығыз ақпараттық өзара іс-қи­мыл жасау құжатта көзделген басым бағыттардың бір­ парасы ғана. Жоғары оқу орны мен құрамына «Egemen Qazaqstan», «Казахстанская правда» секіл­ді бір­неше газет пен журнал кіретін серіктестік әріп­тес­тік­тің өз жемісін береріне сенімді.

Тарқата айтсақ, «Egemen Qazaqstan» және «Казах­станская правда» басылымдарында «Заңгер кеңесі» бірлескен айдарын және басқа да ақпараттық өнім­дер­ді іске қосу жоспарланып отыр. Олардың басты мақ­саты – университет профессорлары мен сарапшыларын тарта отырып, халық үшін ең маңызды құ­қық­тық сипаттағы мәселелер бойынша түсіндіру жұ­мыстарын жүргізу.

Өзара іс-қимылды интернет-редакциялар дең­ге­йін­де де өрістету жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда бас­па БАҚ ақпараттық кеңістікті белсенді игеріп жат­қа­нын ескерсек, университет студенттері – болашақ жур­налистер дәстүрлі журналистикада ғана емес, сонымен қатар өздерін SMM маманы немесе видеоблогер ретінде де сынап көре алатыны анық.

Бөлісу: