Синоптиктер Астанадағы ауа сапасына қатысты пікір білдірді
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» мамандары Астанадағы ауа сапасына тексеру жүргізді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«2023 жылғы 19 маусымда Астана қаласындағы №7 бекетте (сол жағалау, Түркістан көшесі, 2/1) ауданында шекті концентрация мөлшерінің асып кетуі байқалды. Әсіресе азот оксиді (шекті концентрацияның асып кетуінің 9 жағдайы), азот диоксиді бойынша (42 жағдай) байқалған», делінген хабарламада.
Сондай-ақ №7 бекеттен басқа, №8 бекетте (Көктал шағынауданы) озон бойынша 19 жағдай, күкіртсутек бойынша 18 жағдай тіркелген.
«Синоптикалық сипаттамаларға сәйкес, оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 16 м/с дейін жетеді. Алдағы уақытта жаңбыр жауады деген болжам бар», деп қосты синоптиктер,