Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
<div class="art-box" style="color: #0b67cd; text-align: justify;"><span style="text-align: justify; color: #000000;">«Қазгидромет» алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды </span><a style="text-align: justify;" href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a><span style="text-align: justify; color: #000000;">.</span></div>

Алдағы күндері терең циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын айқындайды. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік – шығыстың таулы аймақтарында – қатты жаңбыр, бұршақ пен дауыл, желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады. Төмен қысымды биіктік жырасы түнгі ауа температурасының солтүстікте 5-13 жылыға дейін, шығыста 7-15 жылыға дейін төмендеуіне ықпал етеді.