Өнер
1 мин оқу 593

Әдемі әуендер әуеледі

<p style="text-align: justify;">Ахмедия Есмұханов әрі әнші, әрі композитор еді. Ақындығы да бар болатын. Өткен ғасыр&shy;&shy;дың 70-жылдарында Жезқазғанда құрылған &laquo;Қаракөз&raquo; ансамблінің белді мүшесінің әдемі әндері халыққа кеңінен танылды. Оның есімі &laquo;Алау гүл&raquo;, &laquo;Тамшылар&raquo;, &laquo;Есіл ағады&raquo;, т.б. көптеген әні арқылы өнер тарихында алтын әріппен жазылып қалды.</p>

Әдемі әуендер әуеледі

Әлемді жаулаған індет Ахмедия Есмұхановты да іліп әкетті. Биыл ол 70 жасқа толатын еді...

Жезқазған мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі әнші-композитор Ахмедия Есмұхановтың 48 әнінің нотасы және мәтіні енген «Тамшылар» атты жинақты жариялады.

Осы кітаптың тұсаукесері Жезқазған жұрт­шы­лы­ғына арналған ән кешіне ұласты.

Кешке жан-жақтан белгілі әншілер келіп, компо­зи­тор­дың әндерін шырқады, естеліктерімен бөлісті.

Марқұмның соңында өнері ғана емес, өнерлі ұрпақтары қалыпты. Қызы Динара Есмұханова-Ибраеваны, немерелері Медина Ахмедия мен Айзере Бауыржанды сахна төрінен көрген көпшілік сүйсіне қол соқты.

Кеш өнердің өміршеңдігін, мәңгілігін көрсетті.

Жезқазған

Бөлісу:
Әдемі әуендер әуеледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар