Спорт
1 мин оқу 223
Рыбакина Берлиндегі турнирді сәтті бастады
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Берлинде өтіп жатқан WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Prosports.kz-ке сілтеме жасап.</p>
Қазақстандық үшін бұл ауыр сырқаттан кейінгі бірінші матч, осыған байланысты ол Францияның ашық чемпионатынан бас тартуға шешім қабылдады.
Елена бірінші айналымда ресейлік Полина Кудерметовамен (WTA рейтингінде 139-орын) кездесіп, оны 6:4, 6:2 есебімен жеңді.
Матч 1 сағат 6 минутқа созылды.
Бөлісу: