Спорт
1 мин оқу 270

Малайзияда 14 жүлде бұйырды

<p style="text-align: justify;">Малайзияның Нилай қаласында трек&shy;тегі велоспорттан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл жарыста жер&shy;лестеріміз 14 жүлде олжалады.</p>

Малайзияда 14 жүлде бұйырды

Ересектер арасындағы жарыста еліміздің ұлттық құрамасының мүшелері төрт ме­дальді иеленді. Еліміздің ең үздік вело­-

ша­­бан­­дозы Артем Захаров «омниумде» және Ра­мис Дінмұхамедов топтық сайыста кү­міске қол жеткізді. Құрамында Захаров пен Дін­мұхамедовтен бөлек, Әлішер Жұмақан мен Дмитрий Носков сынды сайыпқырандары бар отандастарымыз командалық бәсекеде екінші орынды еншіледі. 4 шақырымдық қашықтықты олар 4 сағат 04 секундта жүріп өтіп, еліміздің рекордын жаңартты. Ал «скретчте» сынға түскен Руслан Елубаев қола ме­дальді мойнына ілді.

Малайзияда жастар да өздерін жақсы қырынан көрсетті. Олар 6 күміс пен 4 қолаға иелік етті. Жекелеген сайыста Ризван Бейсен­баев, Вячеслав Сичкарев, Дария Қазақбай екінші орын алса, Вадим Белугин мен Ели­завета Склярова үшінші сатыға жайғасты. Өзге жүлделерді жерлестеріміз командалық бәсе­келерде жеңіп алды.

Бөлісу:
Малайзияда 14 жүлде бұйырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар