Ауа райы
1 мин оқу 265

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 22-24 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Болжам бойынша Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады.

«Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 22-24 маусымда оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 24 маусымда республиканың орталығы мен шығысында қатты жаңбыр жауады», делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан хабарламада

Сондай-ақ синоптиктердің айтуынша, ел аумағында бұршақ жауып, жел күшейеді.

Бөлісу:
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар