Аймақтар
1 мин оқу 6,141

Шымкентте әкімдіктің басқарма басшысы жемқорлықпен ұсталды

<p style="text-align: justify;">Шымкент қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұхтар Қоқанбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ол мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалдауды субсидиялау кезінде кәсіпкерден бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін 13 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

Соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жариялануға жатпайды.

Сондай-ақ Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

 
Бөлісу:
Шымкентте әкімдіктің басқарма басшысы жемқорлықпен ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар