Мәдениет
1 мин оқу 490

Астанада III Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлар фестивалі өтеді

<p style="text-align: justify;">Астана қаласының 25 жылдығына орай III Халықаралық &laquo;Құралай&raquo; қуыршақ театрлары фестивалі өтеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp; &nbsp;&nbsp;<em>&nbsp;<br /> <br /> </em></p>

Астанада III Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлар фестивалі өтеді

Аталмыш фестиваль алғаш рет 2015 жылдың 29 маусымы мен 2 шілде аралығында өтіп, 2018 жылы жалғасын тапты.

Елорданың қуыршақ театры ашылған күннен бастап әлемдік театрлармен тығыз қарым-қатынас орната бастады. Бұл күнге дейін Астананың қуыршақ театры екі мәрте театр фестивалін өткізіп, көптеген халықаралық театр додаларына қатысып, тұғыр биігінен көрінді.

Фестивальдің басты мақсаты - тағылым тамшысы болған қуыршақ театры өнерін кеңінен дәріптеу, мәртебелі мәдениетімізді, өнегелі өнерімізді дүниежүзіне насихаттау, әлемдік театрлармен шығармашылық қарым-қатынасты нығайтып, тәжірибе алмасып, шеберлікті шыңдау. Сондай-ақ сәбилерге шаттық сыйлап, балаларға рухани-танымдық қойылымдар ұсыну.

Айта кетсек, II Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестиваліне Қытай, Перу, Түркия, Сербия, Эстония, Ресей, Өзбекстан және Қазақстанның қуыршақ театрлары қатысады.

                            

Бөлісу:
Астанада III Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлар фестивалі өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар