Оқиға
1 мин оқу 214
Шемонаихада газ баллондары жарылып, екі адам зардап шекті
<p style="text-align: justify;">22 маусымда Шемонаиха қаласы Украинская көшесіндегі газ баллондарына жанармай құю станциясында жарылыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>
Төтенше жайғдайлар министрлігі ұсынған мәліметке сәйкес, жарылыс салдарынан өрт шыққан. Оқиға орнына өрт төндірушілер мен арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде жалын сағат 14:44-те оқшауланды.
«Термиялық күйік алған 2 адам ауруханаға жеткізілді. Тұрғын үйлер мен орман қорына қауіп жоқ. Өрт сөндіруге 5 өрт сөндіру автокөлігі мен 12 адам жұмылдырылды», деп хабарлады ведомстводан.
Бөлісу: