Қоғам
1 мин оқу 231

Атырауда базар маңынан өрт шықты

<p style="text-align: justify;">22 маусымда сағат 13:04-те Атырау қаласы Әбдірахманов көшесінде орналасқан әмбебап дүкендердің бірінен от шыққаны туралы шұғыл қызметке шақырту келіп түсті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Атырауда базар маңынан өрт шықты

Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бригадасы әмбебап дүкеннің шатыр жабындысы жанып жатқанын байқады. Қызыл жалын 800 шаршы метр жабындыны шарпыған. Өрт сағат 14:27-де ауыздықталып, 14:45 сағатта толықтай жойылды. 

«Өртті сөндіруге Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, «Семсер – Өрт сөндіруші» ЖШС, «СКЭБР», «Атма Аэропорт» АҚ, «Апаттар медицина орталығынан» барлығы 53 адам, 13 техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің біріккен іс-қимылының нәтижесінде өрттің басқа аумақтарына таралуына жол берілмеді», деді Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы.
Бөлісу:
Атырауда базар маңынан өрт шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар