Өнер
2 мин оқу 330

Суретпен салынған поэзия

<p style="text-align: justify;">Бұл күндері Алматыда Әзербайжаннан шыққан әйгілі қылқалам шебері Баби Бадаловтың &laquo;To See, To Read, To Tell&raquo; атты алғашқы көрмесі өтіп жатыр. Күзге дейін жалғасатын дербес көрменің өзіндік ерекшелігі, Бадаловты &laquo;бейнелеу өнеріндегі ақын&raquo; десек те болады.</p>

Суретпен салынған поэзия

Бадаловтың визуалды поэзиясы өз күнделігі іспетті. Су­реткер, тіпті сая­хат­шы, мигрант, босқын бол­сын, көш­пелі өмір мә­дени инте­грацияның күр­делі бейім­делу кезеңін тудырып қана қоймай, ең алдымен, сол бі­реуді тіл тұт­­­­қынына айналды­руы әб­ден мүмкін. Ал Баби Ба­­да­лов шығармашылығында мә­тіндер суретке, ал сурет мә­­тінге айна­лады.

Бадаловтың айтуынша, оның туындыларында жазумен байланысты ешқандай да бір желілік қисын жоқ, поэзия сөз­де ғана емес, қылқалам сы­зық­тарында да жатыр.

им

«Бұл туындылар зорлық-зомбылық, тарихи жадыны өшіріп тастау, тіс жармау мәдениеті, сонымен қа­тар қо­ғам тарапынан көбіне­се ес­­тілмей қалатын – мар­ги­нал­­данған адамдар мен қа­уым­­­дастықтар тағдырына ар­на­­лады. Баби Бадаловтың ал­ғашқы дербес көрмесін өт­кі­зіп отырғанымызды мәрте­бе тұтамыз», – дейді Aspan Gal­lery ди­ректоры Меруерт Қалиева.

Айтқандай, суретші қазір Парижде өмір сүріп, өнер тудырып отыр. Халық арасында Барбес деп аталып кеткен ауданда орналасқан Бадаловтың шеберханасын қоршап тұрған Париж кө­шелерінің алуан түрлі диа­лектілері, көше базарлары, Шығыс, Батыс, Оңтүстік және Солтүстік эмигрантта­рымен келген мәдениет түрлерінің стихиялылығы, суретшінің көркемдік тә­жі­рибесінің то­сындығы мен еркін­дігі – осы­ның барлығы Aspan Gallery экспозициясына көшіп отыр. Мұнда ілулі тұр­ған таза көй­лек-көншектер мен тер­көй­лектерді қатарынан тізіп қой­ған көше базарларына да сілтемелер баршылық. Алайда ең алдымен, қала өрнегі Ба­даловтың өз жұмыстарында қол­данатын маталары арқылы көрінеді. Бұлар – секонд-хенд дүкендерінен сатып алынған, яки көше бойынан табылған төсек жаймалар, перделер, киім, сүл­гілер, яғни, өзіндік «тағдыры» мен тарихы бар, өнер туындысы ретінде екінші рет өмірге қайта келіп отырған қарапайым заттар.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Суретпен салынған поэзия · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар