Экономика
2 мин оқу 290

«Сlaas» техникасы атына сай

<p style="text-align: justify;">Петропавл қаласында екі жылдан бері немістің атақты &laquo;Сlaas Group&raquo; ауыл шаруашылығы техникаларын жасайтын компаниясының құрастыру зауыты жұмыс істеп келеді. Компанияның біздегі филиалы комбайн, трактор, себу кешендері, жаткаларды құрастырады. &laquo;Qyzyljar&raquo; арнайы экономикалық аймағында орын тепкен бұл кәсіпорын еуропалық жоғары сапалы техникаларды Солтүстік Қазақстан облысы ғана емес, көршілес аймақтарға да шығарады. Мәселен, былтырдың өзінде &laquo;ҚазАгроФинанс&raquo; жеңілдетілген несие жүйесі арқылы 3 мыңдай техника алуға келісімшарт жасады.</p>

«Сlaas» техникасы атына сай

Аталған фирманың комбайнын солтүстікте алғаш алғандардың бірі – «Арқалық» ЖШС. 1992 жылы алынған сол комбайн әлі күнге дейін жұмыс істеп келе жатқан көрінеді. Бұл туралы шаруашылықтың қазіргі басшысы Асхат Барлыбаев айтты. Отыз жылдан астам пайдаланса да, осы комбайн әр маусымда 1 700 тонна астық бастырады екен. Ал қазір Қызылжар өңірінің егіс алқаптарында Сlaas-тың бір мыңның үстінде комбайны жүр.

2021 жылы бір топ журналист­ Петро­павлдағы цехты аралап көр­генбіз. Неміс мамандары төсел­ген асфальттың өзінің мін­сіз болуын талап еткен екен, ай­на­ла айнадай жарқырайды. Ал былтыр Петропавлға келген­ «Сlaas Group» компаниясы­ бақы­лаушылар кеңесінің төр­аға­сы Катриной Клаас-Мюль­хой­зер цех­тың талапқа сай жасал­ғанын атап өткен. Жалпы, «Сlaas» ком­­п­а­­ниясы – әлемдік ауыл ­ша­руа­­­­шы­лығы техникаларын өн­ді­­­­ру нарығында бір ғасырдан ар­­тық қызмет етіп келеді. Бәсе­ке­лестеріне төтеп бере алған үз­­дік компания. Қазір оның фи­лиал­­­­дары АҚШ, Мажарстан, Қы­­­тай,­ Үндістан мемле­кет­терін­де­ бар.­

Қазақстандағы құрастыру за­уы­­­ты 2021 жылы іске қо­­сыл­ған, жо­баны іске асыруға 4 млрд тең­геден астам қаражат жұм­сал­ды.­ Зауыт үш жылға жақын уа­қыт­­ ішінде 700-ден астам түрлі тех­­ни­­ка шығарып, 54 млрд теңге­нің өнімін өндірді.

Жуырда Петропавл қала­сы­­на «Сlaas Group» ком­па­­­­ниясының бас директоры­ Я­н-Хендрик Мор бастаған германиялық делега­ция келді. Делегация мүшелерін облыс әкімі Айдарбек Сапа­ров қабылдап, екіжақты ынты­мақ­тастықтың барысы туралы айтты. «Қазір біздің шаруалар «Qyzyljar» АЭА ашыл­ған филиалдың арқа­сында германиялық техниканы бұрынғыға қарағанда 30 пайызға арзанырақ алуға қол жеткізді. Осының өзі – үлкен жетістік, дегенмен біз бағаның бұдан да төмен болып, арзандағанын қалаймыз. Екіжақты ын­ты­мақ­тас­­тықтың одан әрі өркен жаюы­на мүдделіміз», деді Айдарбек Сейпілұлы.

Ян-Хендрик Мор: «Бағаға байланысты, біз алдағы уақыт­та оны жетілдіруге тыры­сып, барлық нұсқаларды қарас­ты­ратын боламыз», деді.

Сөз соңында шетелдік ком­па­ния басшысы облыс­ әкі­мін Гер­­манияда өтетін ауыл­ шаруа­шы­­лығы көрмесіне қатысуға ша­қыр­ды.

Солтүстік Қазақстан облысы

Бөлісу:
«Сlaas» техникасы атына сай · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар