Ауа райы
1 мин оқу 320

Демалыс күндері бірқатар облыста үсік жүреді

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 24-26 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, алдағы демалыс күндері республика аумағы атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады. Сәйкесінше тұрақсыз ауа райы күтіледі. Кең алқаптар бұлттанған жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, екпінді жел соғады, сондай-ақ бұршақ күтіледі.

«24-25 маусымда шығыста, оңтүстік-шығыста, 26 маусым күні солтүстікте қатты жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Еліміздің солтүстік-батысында топырақ бетінде -1 °C үсік жүреді», делінген хабарламада. 

Синоптиктер температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейтінін атап өтті.

Бөлісу:
Демалыс күндері бірқатар облыста үсік жүреді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар