Александр Недовесов Ұлыбританиядағы турнирдің финалына шықты
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Александр Недовесов Илкли (Ұлыбритания) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚТФ <a href="https://ktf.kz/press-center/news/?id=8151" target="_blank" rel="nofollow noopener noreferrer">баспасөз қызметіне</a> сілтеме жасап.</p>
Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Недовесов пен эквадорлық Гонсало Эскобар әуелі аустралиялықтар Эндрю Харрис – Люк Сэвилді 6:2, 6:4 есебімен тізе бүктірді.
Қазақстандық-эквадорлық дуэт ширек финалда германиялықтар Константин Францен – Хендрик Йебенспен шеберлік байқасты.
Недовесов – Эскобар 6:4, 3:6, 10:4 есебімен жеңді.
Александр мен Гонсало жартылай финалда бельгиялықтар Зизу Бергс – Йорис де Лоремен кездесті.
Бірінші партияда бельгиялық жұп тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (7:3).
Екінші сетте есеп 5:5 болған мезетте қазақстандық-эквадорлық жұп брейк жасап, сосын өз геймдерін алды – 7:5. Содан кейін супер тай-брейкте мүмкіндіктерін жіберген жоқ – 10:5.
Александр Недовесов пен Гонсало Эскобар финалда доданың 3-ракеткалары, америкалық Роберт Гэллоуэй – аустралиялық Джон Патрик Смитпен бас жүлдені сарапқа салады.