Теннис
1 мин оқу 185

Александр Бублик әлемнің 27-ракеткасы атанды

<p style="text-align: justify;">Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) мен Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында дулыға шеберлерінің жаңа көрсеткіштерін жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Германияда өткен Галле ATP 500 турнирінің жеңімпазы атанған Александр Бублик 48-ден 27-орынға көтерілді.

Айта кетсек, бұл оның рекордтық көрсеткіші.

Сондай-ақ Тимофей Скатов - 138, Бейбіт Жұқаев - 239, Михаил Кукушкин - 259, Денис Евсеев - 320, Дмитрий Попко 343-орында тұр.

Жұптық сында Александр Недовесов 53-тен 51-ге жоғарыласа, Андрей Голубев 86-орында тұр.

Әйелдер арасында Елена Рыбакина 3-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 50-ден 51-ге төмендеді.

Жұптық сында Анна Данилина - 24, Жібек Құламбаева 197-сатыда тұр.

Бөлісу:
Александр Бублик әлемнің 27-ракеткасы атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар