Қоғам
1 мин оқу 272

Ресей ҰҚШҰ көмегіне жүгінді ме? ҚР СІМ жауап берді

<p style="text-align: justify;">ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифинг барысында Ресейдің Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан ресми түрде көмек сұрамағанын алға тартты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Айбек Смадияров РФ Сыртқы істер министрлігі Вагнер ПМК мүшелерінің әскери көтерілісі кезінде көмек сұрамағанын атап өтті.

«Ресми түрде - жоқ», деді ҚР СІМ өкілі.

Еске сала кетсек, 24 маусымға қараған түні Ростов облысында «Вагнер» ПМК мүшелері әскери бүлік шығаруға әрекеттенген еді. Бұл туралы әскери рота басшысы Евгений Пригожиннің хабарламаларынан кейін белгілі болды. 

Бөлісу:
Ресей ҰҚШҰ көмегіне жүгінді ме? ҚР СІМ жауап берді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар