Қоғам
2 мин оқу 350

Қырық аспаздың рекорды

<p style="text-align: justify;">Егер оқырман есінде болса, өткен жылы талдықорғандықтар 2 мың кило бауырсақ пісіріп, берекелі бір мерекеде өзіндік рекорд орнатқан еді. Ал өткен сенбі күні, 24 маусымда Алматының мақтаулы деген 40 аспазы жабылып 2047 кило бауырсақ пісіріп, осы рекордты жаңартты.</p>

Қырық аспаздың рекорды

Бауырсақты бренд етуді, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуді мақ­сат тұтқан «Bauyrsaq day» мерекесіне жаңа рекордты тіркеуге «Қазақстан рекордтар кітабының» ресми өкілі Бақытжан Сәбитұлы арнайы келді.

Бір жағынан осынау іс-шара – отбасы институтын дамытуды, демалыс күндерін мәнді етуді де көздейді.

чсм

Бауырсақ пісіру үшін 1600 кило ұн жұмсалып, 5 қазан көтерілген мерекеге Алматының ең мықты деген 40 аспазы жиналды.

«Рекорд жаңартқан осынау іс-шара алғаш рет ұйымдастырылды. Бауырсақ пісіру түс кезінде басталып, ыстық бауырсақтарды өлшеп, шетінен елге таратып жатырмыз», дейді ұйым­дастырушылар.

Бауырсақ дайындалып жатқанда балалар да зерікпеді. Арнайы жос­пар­ланған көңілді бағдарламаларға қатысып, әртүрлі кейіптегі аниматорлармен ойнады. Бетіне, қолына арнайы мамандардың көмегімен ­сурет салдырып, естелік суреттерге түсіп жатты.

«Қазақстан рекордтар кітабы­ның» ресми өкілі Бақытжан Тастүбеков ал­дағы уақытта мұндай іс-шаралардың жиі болып тұратынын айтты. Бұған дейін 2017 жылы Талдықорған қала­сының күніне орай осындай іс-шара ұйым­дастырылған. Онда рекорд 2000 кило болған.

«Нан болса, ән де болады» демекші, қала тұрғындары мен қонақтарына ар­нал­ған концертті Әли Оқапов бастап бер­ді. Балақайлар да өнер көрсетті. Кон­цертті «Үркер» тобы ұлттық на­қыш­тағы ән­дерімен мерекені кешкі мәреге жеткізді.

Кешкі сағат 20:30 шамасында ба­уыр­­сақтар толығымен пісірілді. Ұйым­­­дас­­тырушылар 2023 кило бауыр­сақ пісі­руді жоспарлаған, кейіннен салма­ғы 2047 килоға жеткен соң, рекорд жаңар­тылды. 7 сағаттан аса жұ­мыс жасаған ас­паздардың мақсаты орындалды.

Бақытжан Сәбитұлы Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі ре­тінде, 2047 кило бауырсақ пісіріліп, жаңа рекорд тіркелгенін растай отырып, ұйымдастырушыларға куәлік тапсырды.

Қалалықтар бауырсақтың дәмді болғанын, бала-шағамен бірге дема­лып, отбасылық жылы оқиға бол­ға­нын айтып, ұйымдастырушылар мен ас­паздарға алғысын білдірді. Ұлт­­­тық құндылықтарды, ұлттық та­ғам­­­дарымызды дәріптейтін іс-шара­лар­дың араға жыл салып емес, мереке са­йын жалғасып тұруын тіледі.

Мәдина ҚАЛИ,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті

 

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Қырық аспаздың рекорды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар