Әлем
1 мин оқу 240

Түркияда жер сілкінді

<p style="text-align: justify;">4,1 балдық жер сілкінісі Түркияның шығысындағы Элязиг провинциясында тіркелді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Табиғи апаттарды жою басқармасының (AFAD) мәліметінше, жер асты дүмпулері Сивирч ауданында жергілікті уақыт бойынша 15:40-та (Астана уақыты бойынша 18:40-та) тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы 4,99 шақырым тереңдікте болғандығы да нақтыланды.

Айта кетсек, 19 маусымда Түркияның Адана провинциясында 4 балдық жер сілкінісі тіркелген болатын. 

Бөлісу:
Түркияда жер сілкінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар