Спорт
1 мин оқу 240

«Тур де Франсқа» қатысады

<p class="2018-" style="text-align: justify;">1-23 шілде күндері Еуропа тас жол&shy;дарында велоспорттан &laquo;Тур де Франс &ndash; 2023&raquo; жарысы өтеді. 21 кезең&shy;ге жал&shy;&shy;ғасатын биылғы Гранд-тур Ис&shy;па&shy;&shy;нияның Бильбао қаласынан бас&shy;талып, Парижде мәресіне жетеді.</p>

«Тур де Франсқа» қатысады

Биыл 110-мәрте ұйымдастырылып жат­қан байрақты жарысқа Александр Вино­куров жетекшілік ететін «Astana Qazaqstan Team» велокомандасының өкілдері де қаты­сады. Атап айтқанда, әлемдік Гранд-турда «Астана» сапынан Алексей Луценко (Қа­зақстан), Евгений Федоров (Қазақстан), Марк Кавендиш (Ұлыбритания), Кейс Бол (Ни­дерланд), Давид Де Ла Крус (Испания), Луис Леон Санчес (Испания), Джанни Мос­кон (Италия) және Харольд Техада (Колум­бия) өнер көрсетеді.

Былтырғы бәсекеде 26 жастағы даниялық велошабандоз Йонас Вингего («Jumbo-Visma») жеңіске жеткен болса, жерлесіміз Алек­сей Луценко жеңімпаздан 22 минут 56 се­кундқа қа­лып қойып, жалпы есепте 9-орынға табан тіреген еді. Ал «Astana Qazaq­stan Team» командалық сайыс­та 10-орыннан көрінген болатын.

Бөлісу: