Ақмола облысында қола дәуірінде өмір сүрген адамның сүйегі табылды
<p style="text-align: justify;">Ақмола облысы аумағындағы Қызылұйым ауылы маңындағы қорғанды қазу кезінде адам сүйегі табылды. Мамандардың болжамынша, ол қола дәуірінде өмір сүрген болуы мүмкін, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақмола облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. </p>

Орталық мамандарының мәліметіне сүйенсек, адам сүйегі оң жағымен, басын солтүстік-батысқа қарай қаратып, қол-аяғы бүгілген күйде орналасқан.
«Нашар сақталған остеологиялық қалдықтар табылды, оның ішінде бас сүйектің бөліктері, білек сүйектері, аяқтың тірсек сүйектері, аздап жамбас сүйектері жарым-жартылай сақталған», делінген Ақмола облысы мәдениет басқармасының Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы таратқан хабарламада.
Сүйек қалдықтарының мойын бөлігінде 20-дан астам пасталы моншақтары (алқа) табылды.