Astana командасы әлемнің басты веложарысына қатысады
<p style="text-align: justify;">Astana Qazaqstan Team велокомандасы әлемдегі ең басты жарыс - «Тур де Франста» өнер көрсетеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.</p>

«Тур де Франс» веложарысы 1-23 шілде аралығында өтеді. Турнир 1 шілдеде Бильбаода басталып, 23 шілдеде Париждегі Елисей алаңында аяқталады.
Astana Qazaqstan Team командасының мүшелері: Алексей Луценко (Қазақстан), Евгений Федоров (Қазақстан), Марк Кавендиш (Ұлыбритания), Кейс Бол (Нидерланд), Давид Де Ла Крус (Испания), Луис Леон Санчес (Испания), Джанни Москон (Италия), Харольд Техада (Колумбия).
Жарыстың спорт директорлары: Александр Шефер (Қазақстан), Дмитрий Фофонов (Қазақстан), Стефано Занини (Италия).