Астана-Уфа бағыты бойынша тұрақты рейстер қайта ашылады
<p style="text-align: justify;">Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы әуе қатынасын кеңейту мәселесін пысықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Red Wings» әуе компаниясы 2023 жылғы 25 шілдеден бастап Астана – Уфа бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастайды. Тасымалдау «Sukhoi Superjet-95» типті әуе кемелерінде сейсенбі және жұма күндері аптасына 2 рейс жиілігімен орындалады.
«Әуе қатынасын жаңғырту елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді», делінген Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.