Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
<p style="text-align: justify;">UFC президенті Дэйна Уайт жеңіліп көрмеген қазақстандық жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың сегізбұрышқа оралғанын мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.sports.kz/news/ufc-obyyavil-sleduyuschego-sopernika-shavkata-rahmonova-i-datu-boya">sports.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>
Шавкат Рахмонов рингке 16 қыркүйекте оралады. Ол UFC турнирінің ортақ жекпе-жегінде америкалық Кевин Гастелуммен жұдырықтасады.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақта алтыншы орында тұр. Ол UFC аясында осыған дейін бес жекпе-жек өткізіп, барлығында мерзімінен бұрын жеңіске жеткен. Қазақстандық соңғы жекпе-жегінде америкалық Джефф Нилді жеңген еді.