Елорда
1 мин оқу 500

Астана күніне орай отшашу бола ма?

<p style="text-align: justify;">Биыл Астана күнінде отшашу болмайды.&nbsp;Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Елорда әкімдігінде атап өткендей, қаланың 25 жылдығына орай 100-ден астам мерекелік іс-шара өткізу жоспарланған. Оның 90-ға жуығы елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары үшін тегін болады.

Сонымен қатар мереке күндері бірқатар әлеуметтік нысан ашылады, соның ішінде Оқушылар сарайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, аулалар, қоғамдық орындар, үлескерлерге пәтер кілттері табыс етіледі.

Айта кетейік елімізде Астана күні 6 шілде күні тойланады. Биыл елордамызға 25 жыл толады. 

Бөлісу:
Астана күніне орай отшашу бола ма? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар