Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы
<p style="text-align: justify;">«Казгидромет» РМК синоптиктері алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Казгидромет» мәліметінше, алдағы үш тәулікте республика аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындалады. Осыған байланысты өткінші жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі. 1 шілдеде еліміздің батысында қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, ал Қазақстанның солтүстігі мен орталығында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
Күндізгі ауа температурасы солтүстікте 25-30 жылыға дейін, орталықта 30-35 жылыға дейін, оңтүстікте 33-38 жылыға дейін, оңтүстік-шығыста 28-33 жылыға дейін біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Республиканың шығысында термометрлердің бағандары 17-25 жылыға дейін жоғарылайды, ал еліміздің батысында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, күндіз 25-30 жылыға дейін, оңтүстік-батыста 33-38 жылыға дейін жетеді.