Теннис
1 мин оқу 180

Жерлестеріміз мықтылар қатарында

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Алдағы дүйсенбі күні Ұлыбритания&shy;ның бас шаһары &ndash; Лондонда теннис&shy;тен &laquo;Үлкен дулыға&raquo; санатындағы Уимбл&shy;дон турнирінің жалауы желбірейді. Аталған додада жерлестеріміз де бақ сынайды.</p>

Жерлестеріміз мықтылар қатарында

Ерекше атап өтерлігі, биылғы турнирде теннистен Қазақстанның ерлер және әйелдер арасындағы көшбасшы теннисшілері Александр Бублик пен Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің мықтылары қатары­на қосылды. Яғни жерлестеріміз жеребе нәти­жесі бойынша алғашқы айналымдарда рейтингте төмен орналасқан қарсыластарымен шеберлік байқасады.

Әйелдер арасындағы былтырғы турнирдің жеңімпазы, әлемдік рейтингте үшінші орында тұрған Елена Рыбакина биылғы Уимблдон жарысының үшінші ракеткасы болып тіркел­ді. Ол енді өткен жылғы чемпиондық атағын қорғауға тырысады. Ал әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик Уимблдонда алғаш рет таңдаулылар қатарында бақ сынайды. Жуыр­да отандасымыз Германияның Галле қала­сындағы ірі жарыста тамаша өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған болатын. Сол нәтижесінің арқасында Бублик Лондондағы жарысқа әлемнің 24-ракеткасы болып қосылмақ.

Бөлісу:
Жерлестеріміз мықтылар қатарында · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар