Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 30 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
Қазақстан аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады. Осыған байланысты найзағайлы жаңбыр сақталады. Тек оңтүстікте, солтүстік-батыста, республиканың орталығында күн райы жауын-шашынсыз болады.
Елдің басым бөлігінде жел күшейіп, елдің солтүстік-шығысында, шығысында - бұршақ, Қазақстанның солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең - тұман, оңтүстік-батысында – күндіз шаңды дауыл сақталады.
Қызылорда облысының орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.